Трафикті толық қадағалау және желіні қорғау
-
Трафикті жан-жақты қадағалауға және корпоративті желіні күмәнді белсенділік пен зиянды контенттен қорғауға арналған қызмет.
Дербес файрвол деген не?
Қызмет кімдерге керек?
Кез келген компанияға: шағын бизнеске де, ірі корпорацияларға да.
Кибершабуылдан ешкім қорғалмаған. Соңғы екі жылда кибершабуыл үдеп кетті. Ол көптеген компанияның қашықтан жұмыс істеуге көшуімен тұспа-тұс келді. Дербес файрвол корпоративті желіні зиянды контенттен қорғап қана қоймай, қызметкерлердің қай жерде жүргеніне қарамастан, компания трафигін дәл қадағалауға мүмкіндік береді.
Дербес файрволдың артықшылықтары:
Желідегі бүкіл трафик желі аралық экраннан өтеді және оның қауіпсіздігі талданады. Файрфол күмәнді трафикті компьютерге жеткізбей бұғаттайды.
Файрвол құрылғыларға рұқсатсыз қосылу мүмкіндігінің алдын алып, бапталған ережелерге сәйкес келмейтін трафиктің өтуіне тыйым салады. Ал қосылу саясатын баптаудың икемді жүйесі корпоративті желінің әр нүктесінде файрволдың жұмысын түзеуге мүмкіндік береді.
Файрвол тұрақты түрде жаңартылып отырады және ең жаңа зиянкестер мен күмәнді белсенділіктерді анықтап, бұғаттай алады.
Қызмтке не кіреді?
Beeline Business ұсынатын ALL-IN-ONE қызметі аясында біз дербес файрволды Сізге және бизнесіңізге ыңғайлы етіп жасаймыз: жабдықтарды компанияның ауқымын ескере отырып ұсынамыз және файрволды қажеттілігіңізге қарай баптаймыз. Қызметке жабдықты орнату мен баптау ғана емес, лицензиясы бар бағдарламалық жасақтама, байланыс арналары, сүйемелдеу және техникалық қолдау кіреді.
Оған қоса «Дербес файрвол» бұл:
• Тариф жоспарын таңдауға қатысты кеңес;
• Әртүрлі байланыс арналарын қосу;
• «Қазақстанның киберқалқаны» тұжырымдамасына сәйкес цифрлы гигиена қағидаттарын қолдау;
• Киберқауіпсіздік саласындағы әлемдік көшбасшының желі аралық экрандары;
• Компания ресурстарына қашықтан қауіпсіз қосылу;
• Филиалдар мен кеңселер арасында туннелдер салу;
• Beeline Business қызметкерлерінің және жабдықты өндірушілердің үш деңгейлі қолдауы.