Жақындарыңызға гигабайттармен көмектесіңіз!

Біреуге шұғыл интернет-трафик керек пе?
Өзіңіздікінен сыйлауға дайынсыз ба?
Онда «Гигабайт сыйла» қызметімен көмектесуге асығыңыз!

Досыңа ГИГ керек пе?
Бір шерту арқылы жібер!

«Гигабайт Сыйла» қызметі барлық «Өзің жаса», «Жарқын» және «Ұтымды микс» тарифтерінде. Гигабайттарыңызбен, оларды қажет еткен жандарға қол ұшын беріңіз!

«Гигабайт Сыйла» қызметі қалай істейді?

«Менің Beeline-ым» қосымшасының соңғы нұсқасын жүктеңіз.

«Интернет» бөлімін шертіңіз, ұшақ таңбасын шертіп, жақындарыңызға гигабайттар жіберіңіз!

Адресатыңызға ГБ берілгені туралы хабарлама келеді.

Жақындарыңызға үнемі қамқор болуды қалайсыз ба?

Сізге арналған «Отбасы ортасында» қызметі бар!
Гигабайттар мен минуттарды үнемі бөлісу үшін, тарифіңізге басқа нөмірлерді қосыңыз!

Толығырақ білу

📞 Бұл қызмет қандай тариф жоспарларында бар?

«Гигабайт сыйла» қызметі барлық «Өзің жаса», «Ұтымды микс», «Жарқын отбасы», «Отбасылық», BeeHome+, «Супер», «Жарқын», «Промо» және жаңа «Мега» қатарларының тариф жоспарларында қолжетімді.
Егер тариф жосапрыңыз осы тізімде жоқ болса, аталған тарифтерден ең қолайлысын қосып, жақындарға гигабайттармен көмектесу мүмкіндігін пайдаланыңыз 🙂 Тарифті мына жерден таңдауға болады.

⭐️ Қанша ГБ сыйлауға болады?

Шектеу жоқ. Барлығы тек трафигіңізбен және қалауыңызбен шектеледі! Ең маңызды шарт – ГБ саны бүтін болуы керек. Транзакциялар саны шектелмеген, Гигабайт сыйлауыңыз үшін, Сізде ең кемі 1,5 ГБ болуы тиіс екенін ұмытпаңыз. Тариф жоспарындағы міндетті қалдық – ең кемі 500 МБ.

💰 Ол ақылы қызмет пе?

Ешқандай қосымша төлем жоқ ─ жіберушіге де, алушыға да!

🍀 Алған гигабайттардың «жарамдылық мерзімі» бар ма?

Иә, Сіз алған трафик 3 күнге жарайды.

💕 Егер бір уақытта бірнеше адам менімен трафигін бөліскісі келсе ше?

Онда Сіз жолы болғыш жансыз!😊 Трафикті бір уақытта әртүрлі абоненттен алуға болады. Алған гигтеріңіздің жарамдылық мерзімі 3 күн. Санақ соңғы ГБ қабылданған күннен басталады. 😊

👀 Алған трафигімді тағы біреуге жібере аламын ба?

«Бес гигабайт сыйла» теориясы бұл жерде жоқ 😊 Алған трафикті үшінші тұлғаға беру мүмкін емес.

🎁 Мен сыйлыққа ГБ алдым, бірақ аб. төлемді төлеп үлгермедім. Енді не болады?

Абоненттік төлемді төлеп үлгермесеңіз де, алған трафигіңізді пайдалана аласыз.

✨ Абоненттік төлем ұсталған соң, алған трафик не болады?

Алаңдамаңыз! Алған трафигіңіз абоненттік төлем ұсталса да, тарифті қайта қоссаңыз да немесе ауыстырсаңыз да күймейді.

❗ Гигабайттарды сыйлауға әрдайым болады ма?

«Мега» тариф жоспарларында 2024 жылдың 30 маусымына дейін қолжетімді.

«Гигабайт Сыйла» акциясы бар басқа тарифтерде ол 2023 жылдың 18 желтоқсанына дейін әрекет етеді.

✉ Гигабайттарымның адресатқа жеткенін қалай білемін?

«Менің Beeline-ым» қосымшасында оп-оңай тексере аласыз. Және адресатыңыз алған гигабайттары туралы SMS-хабарламадан біледі.

🔮 Міндетті түрде «Менің Beeline-ым» қосымшасын жүктеу керек пе?

Иә, «Гигабайт Сыйла» қызметін тек «Менің Beeline-ым (Қазақстан)» қосымшасында қолдануға болады. Сізде қосымшаның соңғы нұсқасы орнатылғанына көз жеткізіңіз.

Бұл парақтағы ақпарат – алдын ала төлеммен есеп айырысу жүйесінің клиенттеріне